Жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күнінде қанша күн демалады?

Бұл туралы құжат «Ашық» НҚА сайтына орналастырылған
Қазақстандықтар Республика күнінде қанша күн демалады?
Фото: egemen.kz 30.09.2022 14:56 1402

 

Қазақстандықтар қазан айында тойланатын Республика күніне байланысты қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz.

Биыл «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына 25 қазан - ұлттық мейрам Республика күні ретінде енгізілген. Биыл айтулы күн сейсенбіге түсіп тұр. Осыған орай, мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыға бірқатар өзгеріс енгізілді. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру ұсынылған.

Бұл туралы құжат «Ашық» НҚА сайтына орналастырылған.

Осылайша, қаулы жобасына сәйкес, қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға