Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы ескек есуден әлем чемпионы атанды

Мария 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Қазақстандық спортшы ескек есуден әлем чемпионы атанды
Фото: egemen.kz 03.09.2022 00:10 1089

Қазақстандық Мария Боровкова Венгрияда ескек есуден жастар арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz.

Отандасымыз каноэ(жалғыз) жарысында 1000 метр қашықтықта алтын алды. Мария 4:35.69 — C1 (18 жасқа дейін) нәтижесімен бірінші болып мәреге жетті.

Айта кетейік, Мария 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға