Жаңалықтар

Қазақстандық медиация –тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін өміршең механизм

Бүгін Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қоғамдық медиацияның қоғамдық сананың жаңғыруындағы рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Қазақстандық медиация –тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін өміршең механизм
24.10.2018 03:27 2146

Бүгін Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қоғамдық медиацияның қоғамдық сананың жаңғыруындағы рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Жоғары сот, ҚР Үкіметі, Астана қаласы әкімдігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ, «Келісу» кәсіби медиаторлар одағы» РҚБ, Астана қаласының кәсіби және қоғамдық медиаторлары, этномәдени орталықтардың төрағалары, Астана қаласының ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, ғалымдар, оқытушылар, студенттер қатысты.

Халықаралық конференция барысында Қазақстандағы медиацияның дамуы мен оның қоғамдағы алатын рөлі туралы талқыланды.

Іс-шараның модераторы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафердрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА ҒСК мүшесі, ҚХА кафедралары қауымдастығының төрағасы Анатолий Башмаков талқыланып жатқан тақырыптың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Астана қаласының «Қоғамдық келісім» КММ бірігіп өткізіп отырған жоба – алғашқы шығармашылық жоба. Медиация тақырыбы жаңа болмаса да, құқықтық, әлемдік тұрғыда бейімделіп келе жатқан, елімізде, оның ішінде Астанада әлі де талқылау мен үйренуді қажет ететін тақырып. Медиация – қоғамның санасын жаңғыртуда маңызды рөл атқарады. Жаңғыру дегеніміз – ескіні ұмыт қалдырмай, күнделікті өмірде оны жаңартудың жолдарын ұстану керек деген сөз. Мәселен, шаруашылықаралық, этникааралық дауларды шешуде пайдалану қажет» – деп атап өтті ол.

Конференция жұмысына қатысып отырғандарға жүрекжарды сөздерін ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот төрелігі академиясы ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Төлеш Каудыров жеткізді. Ол өз сөзінде атаулы тақырыптың жаһандығына тоқталып өтті. Қазақстанда медиация туралы заң қабылданып, еліміз ертедегі билердің дәстүрін жалғастырып келе жатқанын және БҰҰ Жарғысының 33-ші бабында медиацияны дауларда қолданудың бірегей әдіс-тәсіл ретінде ұсынып отырғанын айтты.

Конференция жұмысы кезінде Болгария астанасынан Климента Охридский атындағы София университетінің саясаттану ғылымының профессоры, халықаралық дәрежедегі тренер-медиатор Татьяна Дронзина бейне хабарлама арқылы қатысушылармен байланысқа шықты. 

«Қазақстандағы медиация – бұл қажетті институт. Өйткені сіздің ел барлық салада белсенді дамып келе жатыр. Сондықтан көптеген дауларды реттеуде медиация азаматтарға өмір сүру сапасын жақсартуды арттыруға жәрдемдеседі. Осы салада барлық медиаторлардың жұмысына тек жетістікке жетуін тілеймін», – деді ол.

Сонымен қатар Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану» кафедрасының профессоры, саясаттану ғылымының докторы Наталья Калашникова «Медиация жастар ортасында: ақиқаты пен келешегі» баяндамасында медиацияға жан-жақты тоқталып, мардымды түйін жасады.

«Егерде он жыл бұрын Қазақстанда медиация түсініксіз болатын болса, бүгінде біз оның дауларды, тұлғааралық, сектораралық, еңбек дауларын шешу жолдарын, соның ішінде жастар арасында формалары мен әдістемелері туралы қалтықсыз айта аламыз. 

Басынан Қазақстан халқы Ассамблеясы даулардың алдын алу және шиеленісті болдырмауда медиацияны қолдану бойынша үдерісін басқарып қана қоймай, біздің әлеуметтік-гуманитарлық мәнмәтінде қоғамдық дамуды жаңғыртуда маңызды рөл атқаруда. Қазақстанда медиацияның аяққа тұруында Ассамблеяның негізгі рөлі зор екендігіне және елімізде медиация кеңінен тамыр жайғанына куә болып отырмыз. Медиация орталықтары құрылып, дауларды шешудегі профилактикалық қызметті атқарудың көкжиегін кеңейтуде.

Қазақстандық медиация – бұл тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін өміршең механизм. Бұл үшін нақты бір деңгейде мемлекеттік гуманитарлық мамандықтар мен тәртіпті енгізген микромәдени білім жүйесі нығайған.

Осыған сәйкес медиация үшін жәрдемші болатын беделді қоғамдық құрылымдар бар: қоғамдық келісім кеңесі, ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, ғылыми-сараптамалық кеңес, этномәдени орталықтар.

Бұл жерде кері әсер туғызбайтын дауларды шешуде баламалы әдістерін қарастыру өзекті, яғни, сенімді қарым-қатынас орнату мен іскерлік ынтымақтастықта табылған ымыраны сақтауға тиімді. Әрине, жастарды бұл үдеріске бойлату қажет», – деді Н. Калашникова.

Конференцияның екінші бөлімінде қатысушылар медиация бойынша семинар-тренгингке қатысып, соңында сертификаттар тапсырылды.

 

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

          

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға