Жаңалықтар

Қазақстандық атлет Азия чемпионатында алтын иеленді

Азия чемпионаты 16 қазан күні мәресіне жетеді
Қазақстандық атлет Азия чемпионатында алтын иеленді
Фото: instagram.com/qazathletics 13.10.2022 20:02 708

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Кувейтте 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы алтын медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz.

Федерацияның ресми парақшасында хабарланғандай, ел қоржынына бас жүлдені бірінші болып Сабрина Арзиева сыйлады.

Нақтырақ айтсақ, Арзиева спорттық жаяу жүрісте 5000 метрге жарысудан алдына жан салмады.

Ол аталған қашықтықты 27:35.44 көрсеткішімен бағындырды. Бұл - қазақстандық атлеттің құрлықтық жарыстардағы жеңіп алған алғашқы ірі жүлдесі.

Кувейттегі Әл-Рашадан стадионында өтіп жатқан Азия чемпионатында 33 мемлекеттен келген 400-ден аса жеңіл атлет сынға түсіп жатыр.

Олардың қатарында 27 қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

Бүгін, яғни 13 қазанда алауы тұтанған Азия чемпионаты 16 қазан күні мәресіне жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға