Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілуі мүмкін

Қазақстан кәсіпкерлерінің жеке кәсіби мерекесі белгіленбек
Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілуі мүмкін
Фото: atameken.kz 25.07.2022 13:35 1669

Қазақстанда екі кәсіби мереке ресми түрде бекітілмек, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстанда 1,6 млн-нан астам шағын және орта бизнес субъектілері бар. Олардың барлығы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Әсіресе, соңғы екі жыл қиын болды. Пандемия қысқартуға, оңтайландыруға, басқару модельдерін, бизнес форматтарын өзгертуге мәжбүр етті. Осыған байланысты жаңа мерекелік күн - Қазақстан кәсіпкерлері күнін 9 қыркүйекке бекіту ұсынылады. Қазақстан кәсіпкерлері күнін енгізу жүздеген мың қазақстандық үшін шын мәнінде өзекті және маңызды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта жарнама саласының мамандары танымал. Олар әлеуметтік белсенділік пен кәсіпкерліктің дамуына үлкен үлес қосып жүр. Бүгінде Қазақстанда 2000-ға жуық жарнама ұйымы жұмыс істейді. Оларда шамамен 100 000 маман еңбек етеді. Сондықтан жаңа кәсіби мерекені «Жарнама туралы» Заңның қабылданған күніне орайластыру ұсынылады», - делінген Үкімет қаулысында .

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға