Жаңалықтар

Қазақстандағы Hyundai көліктерінің өндірісі тоқтады

Өндіріс геосаяси жағдайға байланысты тоқтатылды
Қазақстандағы Hyundai көліктерінің өндірісі тоқтады
Фото: astana-group.kz 23.08.2022 11:22 1247

Қазақстанда Hyundai Accent пен Hyundai Creta модельдерінің өндірісі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz Astana Motors компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресей Федерациясынан жиынтықтауыштар жеткізілімі тоқтатылды. Осы уақытқа дейін кәсіпорын қорда қалған жиынтықтауыштарды пайдаланып жұмыс істеді, сондай-ақ Hyundai Motor Company-мен басқа елдерден жиынтықтауыштарды жеткізуге шұғыл квота туралы келісті. Қазіргі уақытта болашақтағы жеткізілімдер және жаңа логистикалық тізбектер туралы мәселе пысықталуда», - делінген компания хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға