Жаңалықтар

Қазақстанда тұңғыш рет тұрғын үймен қамтамасыз ететін Консорциум құрылмақ

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы «ASYL ADAM» қайырымдылық қорының Консорциум құру бастамасын қолдап отыр.
Қазақстанда тұңғыш рет тұрғын үймен қамтамасыз ететін Консорциум құрылмақ
21.02.2019 09:00 2586

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы «ASYL ADAM» қайырымдылық қорының Консорциум құру бастамасын қолдап отыр.

Бүгінгі таңда «ASYL ADAM» қоры Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының алаңында жеке тұрғын үй құрылысы бөлігінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Консорциум құрады.

Консорциум мақсаты – коттедж қалашықтарын салу үшін өндірушілердің, құрылыс материалдарын жеткізушілердің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру.

Кәсіпкерлер қауымдастығы Ақмола облысының Целиноград ауданының әкімшілігімен келісіп, мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында «7-20-25» бағдарламасын іске асыруды көздеп отыр.

«Консорциумға қазақстандық тауар өндірушілерді біріктіреміз, оларға жұмыс мөлшерін бекітіп, тауарларын сату орындарымен қамтамасыз ететін боламыз. Соның нәтижесінде Целиноград ауданында пәтер бағасы бір шаршы метрі 120 мың теңге болатын үйлер салынатын болады. Жер бөлу туралы сол ауданның әкімшілігімен келісілді», – деді «ASYL ADAM» қорының негізін қалаушы Көңілбай Шүкенов.

Салынған үйден пәтер алуға ниетті адам аудан әкімдігіне тізімге алынып, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы салым мен төлемді анықтап алып, «Жаңа ауыл» деп аталып отырған Консорциумға келеді. Ал өз кезегінде Консорциум салымшының таңдауына алты түрлі типтік жоба ұсынады. Салымшы ұнатқан жоба бойынша үй салынатын болады. Осымен үй мәселесі біртіндеп шешіледі. Тағы бір бірегейлігі – алдынала салымшыға дайын «көрме үйі» көрсетілетін болады. Яғни, іші дайын жиһазбен жабдықталған пәтердің үлгісін көрсетіліп, таңдау жасауға оңтайлы әдіс ұсынылады.    

Мұндай бастама Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отырғанын айта кету керек.

«ASYL ADAM» қайырымдылық қоры – бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету мақсаты болып табылатын адамдарды азаматтық ұстаныммен және ізгі ниетпен біріктіретін қоғамдық қор.

Қордың мақсаты – аз қамтылған және жас отбасыларды тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі уақытта Қор «Өз үйің-өз жерің» жобасын жүзеге асыруда.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға