Жаңалықтар

Қазақстанда есірткі өндіретін 40 зертхана жойылды

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті
Қазақстанда есірткі өндіретін 40 зертхана жойылды
Фото: sputnik.kz 23.08.2022 14:54 1087

Қазақстанның Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ташкенттегі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кеңесіне қатысты, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстанның ішкі істер министрі өз сөзінде ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және киберқылмысқа қарсы бірлескен күресі бойынша нақты ұсыныстар айтты. ШЫҰ елдерінің министрлері Марат Ахметжановтың барлық ұсынысын қолдады. Атап айтқанда, ведомство басшысы ҰҚТ-ны жою, заңсыз майнингке қарсы күрес және адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша қазақстандық тәжірибемен бөлісті», - деді Ш. Тұрлыбек.

Сонымен қатар Марат Ахметжанов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы стратегиясы аясында қабылданған шаралар туралы айтып берді.

«Соңғы бір жарым жыл ішінде синтетикалық есірткі өндіретін 40 есірткі зертханасы жойылды. Ұлттық бақылауда есірткінің мыңнан астам жаңа түрі тұр. Интернеттегі жарнама ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылды», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға