Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында қанша тапты?

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында жеңіске жетіп, В лигасына жолдама алған еді. 
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында қанша тапты?
Фото: prosports.kz 30.09.2022 00:42 1244

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында қанша тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz.

Prosports.kz мәліметінше, С дивизионындағы барлық құрамаға 1,125 миллион еуро беріледі - Қазақстан да осындай кепіл сомада қаражат алады. Одан бөлек, топта бірінші орын алғаны үшін Қазақстанға бұл сома екі еселеп төленеді. Яғни, ұлттық құрама 2,25 миллион еуро алады. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында жеңіске жетіп, В лигасына жолдама алған еді. Одан бөлек, құрама Еуро-2024 өтпелі матчтарына қатысуға мүмкіндік алған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға