Жаңалықтар

Ассамблея мүшелері жолдауға қолдау білдірді

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Ассамблея мүшелері жолдауға қолдау білдірді
Фото: ҚХА 06.09.2022 19:18 2035

Елордада Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мәселелері бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz.

Отырыс барысында ҚХА Кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауына қолдау білдіріп, оны жүзеге асыру тетіктерін талқылады.

Ассамблея мүшелері жолдауға қолдау білдірді

Отырыстың басында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов қандай реформаны да ойдағыдай жүзеге асыру оның тиісті қоғамдық-саяси ахуалының түзелуіне байланысты екенін айтып өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев елді тазалыққа, тәртіпке және әділеттілікке шақырып отыр. Тоқаевтың президенттік қызметі басталған кезең еліміздегі тұрақсыздық ахуалымен тұспа-тұс келді. Осы жылдардың ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен сыңақтан абыроймен өтті. Әлемдік ұғымда белгілі саясаткер ретінде бүкіл әлемге танылды», - деді Сауытбек Абдрахманов.

ҚХА Төрағасының орынбасары Тауфик Кәрімов Қазақстан халқы Ассамблеясының Жаңа Қазақстан құрылысында өзіндік ерекше миссиясы бар екеніне тоқталды.

«Біз қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту тиіспіз, олар қашан да табысты реформалардың басты шарты мен әлеуметтік ортасы болады. Бұл туралы Жолдауда Президент «Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, ұлттық консенсусты, билік пен қоғам арасындағы әріптестікті нығайтамыз», – деді ҚХА Төрағасының орынбасары Тауфик Кәрімов.

Ассамблея мүшелері жолдауға қолдау білдірді

Оның айтуынша, Жолдау бізге халықтың бірлігі, ынтымағы мен біртұтастығы жарасқан экономикалық өлшемнің айқын екенін аңғартады. Сондай-ақ елдегі әлеуметтік әл-ауқаттың, бейбітшілік пен келісімнің материалдық негізін жасайтын экономикалық реформалардың табысты болуы тұрақтылық пен бірлікке байланысты екенін айтты.

Қарағанды ​​облысының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков жаңа экономикалық саясатқа бетбұрыс жасалғалы тұр. Қазақстан ұлы өзгерістер дәуіріне қадам басты. Тарихи тәуекелдер кезеңімен бетпе-бет келді. Жолдау жарияланғаннан күннен бері қоғамның қызу талқысына түсіп жатқан мәселе – Президент сайлауының мерзімінен бұрын өтуі туралы шешім екенін атап өтті.

««Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет», – деп, өзінің тәуекелі мен байламын жариялады Президент. Және Президенттің өкілеттігін жеті жылға ұзартып, керісінше бір мерзіммен шектеу туралы шешімі шынымен де Қазақстан үшін жаңа саяси дәуір басталғанын паш етті. Жеті жылдық бір мерзімнен кейін қайта сайлану құқығы берілмейді. Бұл дегеніміз – билікті монополизациялау мүмкіндігін шектеу арқылы, елімізде саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қадамы болмақ. Сонымен қатар, Жолдауда Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын да мерзімінен бұрын – 2023 жылдың алғашқы жартысында өткізу туралы ұсынысын ортаға салды. Ескі тәртіппен сайланған депутаттық корпусты жаңарту идеясы да – Жаңа, Әділетті Қазақстан құру талаптарынан туындап отырған саяси құндылық», - деді Бекзат Алтынбеков.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» идеясын жұмыла қолдайтынын жеткізді.

Ассамблея мүшелері жолдауға қолдау білдірді

ҚХА Республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ақатай Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауындағы ана мен балаға көп көңіл бөлетіндігі қоғамды бір серпінділіп тастағанына тоқталды.

«Мемлекет басшысының жолдауында айтылғандай әйел заты үшін жақсы жаңалықтардың бірқатары – зейнет жасының 61 жас болып бекітілуі, сәбиі үшін берілетін жәрдемақының 1,5 жасқа дейін ұзартылуы, балаларымыздың арнайы есепшотына 18-ге толғанша ұлттық қордан қаржы аударылып отыруы. Ана – аяулы қоғамның алар асуы мол деп білемін. Бұл шешімдер біздер үшін аса маңызды. Кәмелетке толған баланың аяққа тұрып кетуі үшін жеке қаржысының болғаны маңызды және оны әр отбасы қамтамасыз ете алмайтынын білеміз», – деді Баян Ақатай.

Кеңес мүшелері «Қазақстан – біздің басты құндылығымыз. Біз өз еліміздің азаматтарымыз, сыртқы қақтығыстарға деген көзқарасымыз еліміздің, халқымыздың мүдделерінен туындауы тиіс» деген пікірді бірауыздан қолдады.

ҚХА Кеңесінің барлық мүшелері Қазақстан халқын отанымыздың гүлденуі жолында Жолдаудың міндеттерін жүзеге асыру үдерісіне қатысуға шақырды.

«Қазіргі кезеңде сайлау науқандары барысындағы басты міндетіміз – ұлттық біріктіруші құндылықтарымыз – мемлекеттік тілді, қоғамдық келісім қағидасын, ұлтаралық тұрақтылықты қорғау және нығайту, жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру бойынша нақты қадамдар жасау», - деп атап өтті жиынға қатысушылар.

Ассамблея мүшелері жолдауға қолдау білдірді

Олар өз сөзінде Қазақстанға ұлтаралық татулық, қоғамдағы бірлік пен келісім мәселелері бойынша ұлттық консенсусты нығайту керек екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға