Жаңалықтар

Қазақстанға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
Қазақстанға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді
Фото: kapital.kz 12.10.2022 19:41 1329

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елорда әуежайында бірқатар халықаралық шараға қатысу үшін елімізге келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті қарсы алды, деп хабарлайды El.kz Үкіметке сілтеме жасап.

Өзбекстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке (12-13 қазан), ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына (14 қазан) және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне (14 қазан) қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға