Жаңалықтар

Қазақ халқының зергерлік өнері

Қазақ халқының зергерлік өнері ерте замандағы шеберлердің дәстүрлерін жалғастыруда. Ол этнос мәдениетін құрайтын маңызды бөліктердің бірі болып табылады.
24.04.2014 04:31 25153

Қазақ халқының зергерлік өнері ерте замандағы шеберлердің дәстүрлерін жалғастыруда. Ол этнос мәдениетін құрайтын маңызды бөліктердің бірі болып табылады.

Қазақ халқының зергерлік өнері

Шығыс Қазақстандағы археологиялық олжалар өткен заман зергерлерінің  асқан шеберліктерін паш етеді.  Мысалы, Алматы облысы, Есік қаласында табылған қалыптау, ойма, батырма, көз салу техникасында орындалған әйгілі Шілікті бұйымдары (б.д.д. 7 – 6 ғ.ғ.), киім-кешегі жануарлар бейнеленген алтын жалпақ қаңылтыр белгімен сәндендірілген (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.) ертедегі жауынгер («Алтын жауынгер») жерленген бірегей комплекс.  Өздерінен кейін «хайуанаттар стилінің» (б.д.д.  ІҮ ғ.) тамаша үлгілерін қалдырған ертедегі берелдік шеберлер өз өнерлерімен таңқалдырады. Зевакино, Ақмер, Құлажорға, Славянка, Юпитер, Пчела селоларының маңындағы зираттардан  әдемі ат әбзелдері, үзеңгі және белдік жиынтықтары табылған.

Қазақ халқының зергерлік өнері

Әшекейлердің кейбір түрлері, мәселен, қимасында дөңгелек болып келетін білезіктер ұзақ хронологиялық кезең бойында көрініс табуда. Оларға ұқсас білезіктер қола, ертедегі темір дәуірлеріндегі зираттардан, ХІІ ғасырдағы Отырар қазынасынан табылды.

Қазақ халқының зергерлік өнері

Қазақтардың зергерлік өнері кәсіби сипат алды, бұл өндіріс ерекшелігімен байланысты болды. Алтынмен және күміспен жұмыс істейтін шеберлерді«зергерлер» деп атаған, «зер» - парсыша алтын, алтын әшекей деген сөзді білдіргендіктен де «зергерлер»деп атаған. Зергерлер жеке дара жұмыс істеген, шеберліктерін көбіне өз ұрпақтарына мирас етіп қалдырып отырған.

Қазақ халқының зергерлік өнері

Зергер жасайтын бұйымдардың түр-түрі бай болған: бұған әйелдер әшекейлері, киімге арналған заттар, дене тазалығының жабдықтары, асқа байланысты құралдар, киіз үйдің ағаш бөлшектерін сәндендіруге арналған белгілер, жиһаздар, ағаш және былғары ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат әбзелдері енеді. Материал ретінде алтын, күміс, асыл тастар, інжу, маржан, түрлі-түсті шынылар  пайдаланылған. Зергерлердің басты өнімдері қоғамның барлық жіктері арасында үлкен сұранысқа ие болған әйелдердің зергерлік әшекейлері болған,  бұдан эстетикалық табиғатына ғана емес, сонымен бірге салт-санаға, дәстүрге, барлық идеялық-діни кешендерге байланысты бірқатар функциялық мән-мағынасы  айқын танылған.

Қазақ халқының зергерлік өнері

Қазақ зергерлік өнерінің ерекшелігі шағын түрінің өзіндегі көрнектілігінде және мүсіндік айқындылығында, әшекейлерінің орналасу симметриясы, әшекейі мен негізінің алмасуында. Қазақ зергерлері металдың әдемілігіне әрқашанда білгірлікпен  көңіл аударып отырған.

Қазақ халқының зергерлік өнері

Кейбір деректер бойынша,  қазақ зергерлері ХІХ ғасырдың басынын бастап  металды, күмісті, алтынды Орта Азияның, Шығыс Түркістанның базарларынан сатып  алатын болған. Сонымен бірге, материалдарды  әсіресе ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанда көптеп келген татар көпестерінен де  сатып алып отырған.

 Дереккөз – Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға