Жаңалықтар

Айына 2-4 мың. Министр коммуналдық қызмет қаншаға өсетінін айтты

Айына 2-4 мың. Министр коммуналдық қызмет қаншаға өсетінін айтты
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 30.06.2023 12:03 779

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров күзде тұрғындар үшін коммуналдық қызмет қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлерде орташа баға айына 2-4 мың теңгеге артады. Бұл аймаққа байланысты болады. Біз жылуды үнемдеуге шақырамыз. Ендігі таңда орташа қалыпты жылу көрсеткіші 21 градусты құрайтын болады. Тұрғындар қыста 23-25 градус жылуға үйреніп қалған, оны қалыпты температураға түсіргенде халық шағымдана бастайды. Сондықтан қалыпты температураға (20-21 градус) үйрену керек. Тіпті, қыс мезгілінде де біздегі ресурстарды үнемдеу қажет. Адамдар үйдің қатты ыстық болғанына үйреніп алған. Сол үшін де желіге үлкен күш түседі, - деді министр.

Оның айтуынша, бұл жағдай халықты электр энергиясын үнемдеуге ынталандырады. Қазіргі таңда қазақстандықтардың есептеу құрылғысымен қамтылуы 74%-ға жеткен.  

Бұл жерде барлығы тарифтерге байланысты емес. Бюджет өзіне үлкен жүктеме алып отыр. Бюджетке үлкен салмақ түседі. Тарифтер азаматтарға қолайлы болуы керек. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әкімдік арқылы өтемақы жасау мүмкіндігі бар, - деді министр. 

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға