Жаңалықтар

«Айтыстың алтын дәуірі - Мұхамеджан мен Айнұр». Танымал ақын пікір білдірді

«Айтыстың алтын дәуірі - Мұхамеджан мен Айнұр». Танымал ақын пікір білдірді
Фото: Коллаж El.kz 21.02.2024 16:00 5487

Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов «ХабарLIKE» бағдарламасында ақындардың дәуірі ауысып тұратынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен айтыстың алтын дәуірін сағынамын. Өткенде ғана Жүрсін Ерман ағамызға "20 жылдан бері айтысып жүрсем де, өзімді айтыспаған ақын сезінетінімді" айттым. Айтыстың алтын дәуірі Аманжол Әлтаев, Балғынбек Имаш, Бекарыс Шойбек, Айнұр Тұрсынбаева, Мұхамеджан Тазабеков, марқұм Оразалы Досбосынов еді ғой.  Барлық футболшы Роналдумен шаршы алаңда доп тепкенді армандайтын секілді, мен де аты аталған кісілермен айтысуды армандағанымды жасырмаймын. Айтыстың Мессиі – Айнұр Тұрсынбаева. Бұл сөзіме басқа әріптестерім ренжи қоймас. Жалпы, айтыстың Роналду мен Мессиі – сол буын деп ойлаймын, - дейді Жандарбек Бұлғақов.

Ал Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, оны қазір айтысқа шақырмайды. Ол өнерден алыстап кетсе де, айтыстан кетпегенін айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға