Жаңалықтар

«Айка тізімі»: Жеңгетайлықпен айналысты деп айыпталған қыз сотталды

«Айка тізімі»: Жеңгетайлықпен айналысты деп айыпталған қыз сотталды
Фото: Коллаж El.kz 21.05.2024 15:30 803

Алматыда Айка деген атпен танымал болған блогерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған аса ірі көлемде есірткі тасымалдау және жеңгетайлықпен айналысу баптарымен бойынша айып тағылған еді. Сотталушы қыздарға «демеушілер» тауып, өмірін жеңілдетуге көмектесемін деп уәде берген.

Айта кетейік, айыпталушы ретінде М және Т есімді азаматтар саналған еді.

Тергеу органы М-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз иемденді, сақтады және тасымалдады, сондай-ақ 52 эпизод бойынша бір топ адамдармен жеңгетайлық жасады деп, Т-ны бір топ адамдармен 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деп айыптады, - делінген сот хабарламасында.

2023 жылдың мамыр айында М (Айка) аса ірі мөлшерде мефедронды сату мақсатынсыз заңсыз сатып алып, заңсыз тасымалдаған. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық затты тәркілеген. Сондай-ақ ол 2020-2023 жылдары материалдық пайда алу мақсатында пайдакүнемдік мақсатта Т-мен бірлесіп, қыздарға ақшаға интим қызметін көрсету үшін жеңгетайлық жасаған. 

Сонымен Айка лақапатымен танылған М-ға 6 жыл 6 айға, сыбайласына 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға