Жаңалықтар

Әйгілі әнші-композитор қайтыс болды

Әйгілі әнші-композитор қайтыс болды
Фото: Тото Кутуньо / Әлеуметтік желіден 22.08.2023 22:18 1801

1983 жылы хит болған «L'Italiano» әні арқылы әлемге танылған италиялық әнші әрі композитор Тото Кутуньо 80 жасында дүние салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәліметті әншінің менеджері Данило Манкузо жеткізген.

Соңғы бірнеше ай бойы Миландағы Сан Рафаэле ауруханасында жатқан Тото Кутуньо ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды, - деді Манкузо.

Италияның Тоскана аймағында сицилиялық отбасында дүниеге келген Тото Кутуньоның шын аты Сальваторе болатын.

Ол 1990 жылы Eurovision ән байқауында «Insieme: 1992» әнімен жеңіске жеткен.

Сондай-ақ Кутуньо Sanremo Song Festival фестивалінде екі рет бас жүлде алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға