Жаңалықтар

Әйеліне қысым көрсетілген: Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы ажырасты

Әйеліне қысым көрсетілген: Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы ажырасты
Фото: © Reuters 19.11.2023 05:01 23975

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы жапон Юзуру Ханю үйленген соң арада бірнеше ай өткен соң ажырасып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, Ханю заңды некелескені туралы ақпарат 2023 жылғы тамызда тарады.

Ал спортшының некесін бұзуына оның жұбайының тарапына жасалған қысым себеп болған көрінеді. Ханю әлеуметтік желіде БАҚ өкілдері тарапынан қысымға ұшырағанын жазды. Оның сөзінше, ол қоқан-лоқы көрсетіліп, қудаланып, тіпті шабуыл да жасалған.

Ханю мансабын 2022 жылдың шілдесінде аяқтады. Ол Олимпиада ойындарынан бөлек әлем біріншілігінде де екі рет топ жарып, үш рет күміс және екі рет қола жүлдегер атанды.

Бейресми мәлімет бойынша Юдзуру өзінен 8 жас үлкен скрипкашы Маюко Суэнобуға үйленген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға