Жаңалықтар

Әйелдердің қоғамдық өмірге араласуы әлі де жеткіліксіз - ЕҚЫҰ байқаушысы

Әйелдердің қоғамдық өмірге араласуы әлі де жеткіліксіз - ЕҚЫҰ байқаушысы
Фото: El.kz 20.03.2023 15:48 984

ЕҚЫҰ-дан келген халықаралық байқаушылар сайлауға баға берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

“ЕҚЫҰ соңғы 30 жылда Қазақстанмен әріптестік құрып келеміз. 300-ден астам бақылаушы жұмыс жасады. Сайлаудың нормативтік-құқықтық базаға әлі де өзгеріс енгізу керек. Сайлау саяси белсенділікті арттырды. Бір мандатты депутаттарды сайлаудан шеттетті. Дайындық жоғары деңгейде. Сыни форматтағы репортаждар аз. Әйелдердің қоғамдық өмірге араласуы әлі де жеткіліксіз. 29%-ды құрады. Ал бір мандаттар арасында 20 %. Алдағы уақытта әйелдердің белсенділігі көбейеді деп ойлаймыз. Саяси шолулар, аналитикалық репортаждар аз болды. Жалпы алғанда бұрынғымен салыстырғанда алға жылжу байқалады. Респективті медиа алаң, сайлау компанияларының белсенділігінің төмендігі байқалды”, - деді Ирен Хараламбидес.

“Парламенттік ұйымның төрағаларының бүгінгі іс-шараға келуі бізді қуантты. Қазақстан бізді жақсы қабылдады. Сайлау учаскелерінің ашылу сәтінен бастап соңына дейін болдық. Бәсекелестіктің өскенін көріп отырмыз. Бірақ бірқатар кемшіліктер де бар. Мысалы депозит құны - 1 млн теңге. Оны барлығы төлеу керек болды. Бұл партия атынан емес, өзін ұсынушы үшін қиындық туыдырады. 50-ден астам бір мандатты кандидат тіркеуден шеттетілді. Оның жартысының сайлауға қатысу құқығы қалпына келді. Дауыс берушілер саны төмен. Азаматтардың сайлаудың өту барысына қатысты шағымдануға құқығы бар екенін айтқым келеді”,- деді Рейнхольд Лопатка.

Халықаралық бақылаушылар сайлаудың өту деңгейіне жақсы деген баға берді.

“Мерзімінен бұрын болған Парламенттік сайлау саяси аренада көп мүмкіндік берді. Жалпы алғанда жақсы өтті. Саяси партиялардың көпшілігі Президенттің саясатын қолдады. 3 теледебат өткізілді. Кандидаттарға өз ойын айту үшін алаң берілді. Бақылаушыларға ақпараттар толық берілмей жатқан кездері болды”,- Оуэн Мерфи.

Байқаушылар Қазақстан мен басқа шетелдегі сайлауды салыстырмайтынын айтты. Бақылап талдау ғана жасайтынын айтты.

“Ауқымдылығы мен құқықтық шектеулерді бақылап, талдау жасаймыз. Қазақстандағы сайлау ЕҚЫҰ құқықтық нормаларға сәйкес келеді”,- деді Оуэн Мерфи.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға