Жаңалықтар

Әйелдерде қатерлі ісік қаупін арттыратын мамандықтар аталды

Әйелдерде қатерлі ісік қаупін арттыратын мамандықтар аталды
Фото: ©El.kz/Нүркен Алишев 12.07.2023 11:17 710

Косметолог және шаштараз мамандықтары әйелдерде аналық без қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Канаданың Монреаль университетінің ғалымдары хабарлады. Олар 18 бен 79 жас аралығындағы 1388 әйелді қамтитын зерттеу жүргізді.

Оқи отырыңыз:

Шаштараз немесе косметолог ретінде он жыл немесе одан да көп жұмыс істеу қатерлі ісік ауруының даму қаупін үш есе арттырады. Бухгалтерлік есепте он немесе одан да көп жыл жұмыс істеу мұндай қауіпті екі есе, ал құрылыста жұмыс істеу үш есе арттырады, - делінген зерттеуде.

Тігін өнеркәсібінде, сату және бөлшек саудада жұмыс істеу де қатерлі ісіктің дамуына түрткі болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға