Жаңалықтар

Айдос Сұлтанғали Олимпиада лицензиясына қол жеткізді

Айдос Сұлтанғали Олимпиада лицензиясына қол жеткізді
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі 21.04.2024 18:13 1793

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (60 келі) Айдос Сұлтанғали Бішкекте Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айдос жартылай финалда Қытайдың Тайпейінен келген спортшының жауырынын жерге тигізді. Отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Асламджон Азизовтан 2-1 есебімен басым түскен.

Осыған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола медаль, Азия чемпионатында алтын алған Сұлтанғали алғаш рет Олимпиадада сынға түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға