Жаңалықтар

Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу басталды

Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу басталды
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 21.06.2024 14:44 813

Бүгін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды, онда қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі, - делінген мәліметте.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстанның бас прокуроры Украинаның бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын.

Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға