Жаңалықтар

Айдос Садықовқа жасалған қастандық: тергеу Тоқаевтың бақылауында

Айдос Садықовқа жасалған қастандық: тергеу Тоқаевтың бақылауында
Фото: Айдос Садықов мұрағатынан 21.06.2024 13:03 887

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отырғанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын, - деп жазды Уәли.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға