455.65
489.96
6.36

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді
pixabay.com
Фото: pixabay.com 07.12.2022 09:52 497

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Айбоз» ұлттық тұңғыш әдеби сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды деп хабарлайды El.kz Ақпараттық агенттігі.

«ҮЗДІК ПОЭЗИЯ» номинациясы бойынша «Жұмбақ арал» поэмасы – Батырхан Сарсенхан;

«ҮЗДІК ПРОЗА» номинациясы бойынша «Тырнақ» әңгімесі – Айгүл Кемелбаева;

«ҮЗДІК ДРАМАТУРГИЯ» номинациясы бойынша «Мың мен жалғыз...» пьесасы – Талғат Теменов;

«ҮЗДІК АУДАРМА» номинациясы бойынша Стефан Цвейгтің «Амок», «Бақилық ағаның көз жасы» новеллалары – Кенжебай Ахметов;

«ҮЗДІК БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ» номинациясы бойынша «Іздер құпиясы» детективтік романы – Бекен Ыбырайым;

«ҮЗДІК КОМИКС» номинациясы бойынша «Жетпіс палуан» комиксі – Жантас Набиоллаұлы;

«ҮЗДІК КІТАП ДИЗАЙНЫ» номинациясы бойынша «Кенесары хан уа сұлтан Сыдық» – «AmalBooks» баспасы

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар