Жаңалықтар

Айбек Оралбай лицензиялық турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Айбек Оралбай лицензиялық турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото: ҚР ҰОК 07.03.2024 09:35 445

Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Айбек Оралбай алғашқы кездесуін өткізді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі. 

92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Айбек үндістандық Санжит Санжитке қарсы шыққан болатын.

Екі Азия чемпионының қатысуымен өткен кездесу Айбек Оралбайдың жеңісімен аяқталды. 

Бұған дейін оның сыңары Нұрбек Оралбай да бірінші айналымнан сәтті өткен еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға