Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ақтық сынында Германия өкілі Никита Путиловпен өзара мықтыны анықтаған болатын.
Айбек Оралбай жекпе-жек барысында жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетті. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде 8 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алып, әлем бойынша үздік құрама екенін дәлелдей алды.
Айбек Оралбай Астанадағы турнирді үздік нәтижемен аяқтады
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі