«Аяздың беті қайта ма?». Демалыс күндері ауа райы қандай болады
![«Аяздың беті қайта ма?». Демалыс күндері ауа райы қандай болады «Аяздың беті қайта ма?». Демалыс күндері ауа райы қандай болады](/storage/storage/element/2024/02/23/mainphoto/91122/1200xauto_EU1lHCMW5BtZpg1tDhuY7sns4RWMTzS20oeHNHSl.jpg)
«Қазгидромет» 24-26 ақпан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің солтүстігінде аяздың беті қайтады.Еліміздің батысында антициклонның әсері сақталады, күн жауын-шашынсыз болады.
Болжам бойынша, республиканың қалған бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын көбіне қар түрінде жауады, тұман, көктайғақ болады. Еліміздің батысындағы температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы: республиканың солтүстігі мен орталығында түнде 22-35 ℃ аяздан 10-23 ℃ аязға дейін жоғарылайды; шығыста түнде 12-22 ℃ аяздан 23-38 ℃ аязға дейін төмендейді; оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 ℃ аязға дейін төмендейді.
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)