Жаңалықтар

Аян Тұрсын Азия ойындарында қола жүлде алды

Аян Тұрсын Азия ойындарында қола жүлде алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі 27.09.2023 19:00 750

Қазақстандық спортшы Аян Тұрсын Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында Ушу-саньда сайысы бойынша қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.

52 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында отандасымыз жарыс қожайыны Юэяо Лиге есе жіберді. 

Айта кетейік, қытайдың ұлттық спорты - ушудың саньда түрі Азия ойындарының бағдарламасында 1998 жылдан (ерлер) бар. 

Әйелдердің бәсекесі 2010 жылы қосылды. Әйелдер екі салмақ (52, 60), ерлер бес салмақта (56, 60, 65, 70, 75) жүлделерді сарапқа салады.

Сонымен қатар жүзуден 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында отандасымыз Әділбек Мусин қола жүлдеге ие болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға