Жаңалықтар

"Аяғынан шалып, күндегенге мәзбіз". Ардақ Назаров Дәулет Тұрлыхановқа қолдау білдірді

"Аяғынан шалып, күндегенге мәзбіз". Ардақ Назаров Дәулет Тұрлыхановқа қолдау білдірді
Фото: instagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov / t.me/mazhilis_kz 07.09.2023 16:45 985

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров әріптесі Дәлет Тұрлыхановтың ұлына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтергені мәлім болған еді. Сондай-ақ желіде мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір баласы Әкежан Тұрлыханов әйелді ұрып-соқты деген ақпарат тараған еді.

Дәулет аға - Қазақтың батыры! Нағыз ер! Нағыз азамат! Расын айтсақ, ол кісіге мансап та, дүние де қажет емес. Бір басына жетерлік абырой-беделі мен дүниесі бар. Қызметке келген мақсаты біреу - елінің жыртығына жамау болу…
Кеше Жақсылық ағамыз өмірден озды, орны ойылып қалды. Тірісінде қадірін біле алмадық. Ендігі ол кісінің ізбасары Дәулет аға сынды елім деген ерлер. Дәулет аға басқа елге барса, олар тікесінен тік тұрады, азаматтың қадірін біліп, төбесіне көтереді, - деп жазған ол. 

Ол Дәулет Тұрлыхановтың абыройына нұқсан келтіріп жүрген арнайы топтардың барын жасырмады.

Ал бізші? Азаматымыздың абыройына нұқсан келтіріп, жанұясын жарыса жарнамалап, аяғынан шалып, ар-намысына тиіп, күндегенге мәзбіз. Бұлай жасау ұлтымыздың болашағы үшін қауіпті. Кейінгі уақытта елінің сөзін сөйлейтін, қазағына жанашыр тұлғалардың сөздерін бұрмалап, арнайы видеолар дайындап, дұрысты бұрыс етіп көрсететін топтар пайда болды. Олардың арам ниеті мынау. Еліне жанашыр, халқына қамқор болып жүрген азаматтарды қарапайым халыққа теріс етіп көрсетіп, абыройын түсіріп, тәуелсіздігіміз бен бірлігімізге нұқсан келтіру ғана. Ойланайық қазағым, - деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ARDAK NAZAR (@ardaknazarov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға