Жаңалықтар

Аяғы ауыр Ерке Есмахан ай-күні жақындап қалғанын айтты

11.06.2025 07:15 2785
Аяғы ауыр Ерке Есмахан ай-күні жақындап қалғанын айтты

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан жақын арада сәбиі дүниеге келетінін аңғартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында өзі армандаған өмірін сүріп жатқанын алға тартты.

Пейіліңе қарай пейішің! Мен өзімді осы жасымда дәл осындай статуста боламын деп мақсат еткен едім. Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, жанұямыз. Аллаға сааансыз шүкір айтамын, - деді ол.

Ал бұл нәтиженің барлығы тынымсыз еңбектің арқасы деп санайды.

Жүрек тыныштығымен, жан мен тән үйлесімділігін тапқаны ол менің ақ ниетіммен, көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі деп білемін.

Менің өмірімдегі барлық ғажайып сіздерге де жұғысты болсын.

Осындай жүрекжарды жазба қалдырғым келді. Соған қарағанда, іңгәләп бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау, - деді Ерке.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға