Жаңалықтар

Аягөздегі өрттен төрт баласынан айырылған отбасыға қандай көмек көрсетілді

Аягөздегі өрттен төрт баласынан айырылған отбасыға қандай көмек көрсетілді
Фото: © Pixabay.com 23.11.2023 16:23 671

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Аягөзде өрттен төрт баласынан айырылған отбасыға қандай көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі бұл қайғылы жағдай орын алғанда орынбасары бірден сонда барғанын жеткізді. 

Осы қайғылы жағдай болғанда ең бірінші аудан әкімі, менің бірінші орынбасарым сол отбасының қасында болды. Толығымен көмек көрсеттік. Қазір оларға Семейден уақытша екі бөлмелі пәтер бердік. Бұл пәтер тұрмыстық техникамен, жиһазбен толық жабдықталған. Осы желтоқсан айында отбасының қалауымен Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Себебі олар Өскемен қаласында тіркеуде тұр. Сол қаладан екі бөлмелі пәтер алатын боламыз, — деді Нұрлан Ұранхаев елордада өткен есеп беру брифингінде.

Еске салайық, Абай облысында бір үйдің төрт баласы өрт кезінде қаза тапқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға