Аягөз қаласында жоғалған бала туралы хабар бүгін сағат 17:30-да келіп түсті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу ТЖД Жедел-құтқару жасағының және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жолданды.
Іздеу жұмыстарына ТЖД, полиция, "Восток" РМҚК 10810 әскери бөлімінің күштері, жергілікті тұрғындар мен туыстары жұмылдырылды.
Күндізгі жарықтың аяқталуына байланысты ТЖМ авиациясы қолданылмады. Қажет болған жағдайда (іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру кезінде) тікұшақтың іздестіру жүргізілетін жерге ұшуы 12 ақпан күні таңертеңгі уақытқа жоспарланған.
Іздеу жұмыстарына барлығы 74 адам, 17 техника, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты және 20 жылқы жұмылдырылған. Оқиға орнына Семей қалалық ТЖД қосымша күштері мен құралдары жіберілді.
Аягөзде жоғалған баланы 70-ке жуық адам іздеп жатыр
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі