Жаңалықтар

Аягөзде ғашықтар ескерткішінің аумағы ретке келтірілді

Аягөзде ғашықтар ескерткішінің аумағы ретке келтірілді
Фото: Абай облысы әкімдігі 15.04.2024 23:45 227

Абай облысы Аягөз қаласында ғашықтар ескерткішінің аумағы ретке келтірілді. Тазалық жұмыстары республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық екіайлық науқаны аясында «Киелі мекен» апталығы барысында жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Киелі мекен» апталығы ұлттық әдебиетіміздің баға жетпес жауһарына айналған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» шығармасында жырланған екі ғашықтың атақты ескерткішін тазалаудан басталған.

Экология мен қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған іс-шараға Аягөз ауданынан 100-ге жуық жас қатысып, іргелес аумақты қалыпқа келтіруге үлес қосты. 

Акциядан кейін тарихи-мәдени ескерткіштің аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға