Жаңалықтар

Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз көз жұмды

Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз көз жұмды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 14.06.2024 00:22 825

Бүгін, 13 маусым күні, оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.

Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетілетін болады, - делінген Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға