Автокөлік нарығы: Changan-ға сұраныс артты

Автокөлік нарығы: Changan-ға сұраныс артты
Фото: фото: changanauto.ru

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше, 2026 жылғы маусымда ресми дилерлер 21 861 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты. Бұл былтыр маусыммен (19 426 бірл.) салыстырғанда 12,5 пайызға көп. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 105 886 автокөлік сатылып, өткен жылғы ұқсас кезеңдегі рекордтық нәтижені (+0,9%, 104 953 бірл.) қайталады.

Рекорд тіркелген екі жылдан кейін нарықтың өсу ырғағы бәсеңдегеніне қарамастан жаңа автокөліктере сұраныс бұрынғыдай жоғары болып қалды. Дегенмен брендтер арасындағы бәсекелестік кәдімгідей артып барады, жаңа ойыншылар бүкіл сегментте орнын бекітуін жалғастырып жатыр.

 Қазақстанның автокөлік нарығы әлеуетін арттыруда. Онша өзгермеген жалпы сауда көлеміне қарамастан, нарық ішінде күрделі өзгеріс болып жатыр: бәсекелестік артып келеді, ал баға, технологиялар және қызмет сапасына сатып алушылардың талабы күшейді. Қазір нарықта ауқым ғана емес, клиенттердің сұранысына тез бейімделу қабілеті де көрінеді, – деді Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті:

Маусым қорытындысы бойынша Chevrolet көшбасшы атанды. Дилерлер  3 117 автокөлік сатқан (+39,9%). Екінші орынға 3 034 автокөлігі өткен Hyundai жайғасты (-26,0%). Үшінші орынға 2 565 автокөлігі сатылып, саудасы екі есе өскен Changan көтерілді (+121,5%). Одан кейін Chery (1 996 бірл.; +40,9%) және Haval (1 677 бірл.; +63,8%) орналасты. Алғашқы ондыққа тағы JAC (1 600 бірл.; +87,8%), Kia (1 422 бірл.; -35,5%), Jetour (1 230 бірл.; -17,6%), Toyota (964 бірл.; +13,5%) және Geely (692 бірл.; -10,5%) кірді.

фото: Kao.kz/ vаусымдағы топ-5: Chevrolet, Hyundai, Changan, Chery және Haval
фото: Kao.kz/ vаусымдағы топ-5: Chevrolet, Hyundai, Changan, Chery және Haval

Алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстан нарығында 17 586 автокөлік нәтижесімен Chevrolet үздік атанды (+32,2%), Hyundai 17 247 автокөлік (-28,6%) сатты. Kia 12 332 автокөлігін саудалап, үшінші орыннан көрінді (+8,9%). Жылдың басты жаңалығы – 9 471 автокөлік өткізіп, саудасын бірден 89,2%-ға ұлғайтқан Changan. Бұл брендтің төртінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Алғашқы бестікті 8 143 автокөлік нәтижесімен Chery түйіндеді. Содан кейін Haval (6 730 бірл.; +16,2%), Jetour (5 774 бірл.; -20,3%), JAC (4 745 бірл.; +0,4%), Toyota (3 997 бірл.; -12,3%) және Geely (2 926 бірл.; -44,5%) тұр.

Модельдер қатарында Chevrolet Cobalt көптеп өткен, алғашқы жартыжылдықта оның саудасы 16 370 автокөлікке жетті. Екінші орынға Hyundai Tucson (8 601 бірл.) орналасса, Kia Sportage үшінші  болды (5 200 бірл.). Сонымен қатар тізімде Changan CS55 Plus (4 017 бірл.), Hyundai Mufasa (3 119 бірл.), Haval Jolion (2 836 бірл.), Changan CS35 Max (2 706 бірл.), Chery Tiggo 2 (2 585 бірл.), Haval M6 (2 396 бірл.) және Chery Tiggo 7 (2 393 бірл.) бар.

Оқи отырыңыз