Жаңалықтар

Автобус жүргізушісі жолаушыны қағып мерт қылды

Автобус жүргізушісі жолаушыны қағып мерт қылды
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 28.11.2023 13:05 603

Өскеменде маршруттық автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, қайылы оқиға 28 қарашада сағат 6:00 шамасында Абай даңғылында болған.

«Гаванский көпірі» аялдамасы маңында жол-көлік оқиғасы болды. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады ШҚО ПД өкілдері.

Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға