Жаңалықтар

Автобус жарылып, төрт бала қаза тапты

21.05.2025 13:15 379
Автобус жарылып, төрт бала қаза тапты

Пәкістанның Белуджистан провинциясында мектеп автобусында орын алған лаңкестік шабуыл салдарынан төрт бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарылыс елдің оңтүстік-батыс аймағында, балаларды мектепке апара жатқан сәтте орын алған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автобусқа жанкешті лаңкес шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан төрт бала қаза тауып, тағы 38 бала жарақат алды.

Қазіргі уақытта бұл шабуылға ешбір топ жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Дегенмен, болжам бойынша, шабуылға аймақта жиі шабуыл жасайтын белудждік сепаратистердің қатысы болуы мүмкін. Олар әдетте қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарға қарсы әрекеттерімен белгілі.

Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Накви бұл қастандықты қатаң айыптап, қаза тапқан балалардың отбасыларына көңіл айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға