Жаңалықтар

Австралия әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Австралиялық Мэтью Леки 61-минутта өз құрамасын алға шығарды
Австралия әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды
Фото: prosports.kz 01.12.2022 00:04 900

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында 30 қарашада D тобында Австралия және Дания құрамалары кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында екі құрама тарапынан гол соғатын сәттер аз кездескен жоқ. Дегенмен бірінші кезеңде құрамалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңде де ойын дәл осыған ұқсас жағдайда өрбіген еді. Австралиялық Мэтью Леки 61-минутта өз құрамасын алға шығарды.

Осылайша Австралия қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, плей-офф сатысына жолдама алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға