Жаңалықтар

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында еліміздің атынан кімдер бақ сынайды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында еліміздің атынан кімдер бақ сынайды
Фото: ҚР ҰОК 24.04.2023 17:21 664

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында 3-13 мамыр аралығында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жарыс 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі болып табылады.

Аталған құрлықтық біріншілікте Қазақстан атынан 20 спортшы қатысады:

Ерлер: Арли Чонтей (55 кг), Өтепберген Әлиев (61 кг), Анатолий Савельев (67 кг), Алексей Чуркин (73 кг), Еламан Сейтқазы (81 кг), Асылжан Бектай, Сергей Петрович (екеуі де – 89 кг), Нұрғиса Әділетұлы, Артем Антропов (екеуі де – 102 кг), Андос Самарканов (109 кг).

Әйелдер: Айнұр Әбдіқалықова (45 кг), Екатерина Алякина (55 кг), Алина Колиушко (59 кг), Карина Горичева (64 кг), Арай Нұрлыбекова (76 кг), Аиша Омарова, Айым Есжанова (екеуі де – 81 кг), Динара Қыпшақбай (87 кг), Айсамал Сансызбаева, Любовь Ковальчук (екеуі де – 87 келіден жоғары).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға