Жаңалықтар

Ауыр атлетика: құрамамыз Азия чемпионатын екі медальмен аяқтады

Ауыр атлетика: құрамамыз Азия чемпионатын екі медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өткен Азия чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Команда жарыс қорытындысы бойынша  екі медаль жеңіп алды. Алайда бұл жолы қазақстандық ауыр атлеттер жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріле алған жоқ.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Пётр Хребтов қола медаль иеленсе, 102 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы Артём Антропов күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ал Егор Шерер (89 келіге дейін) мен Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары) жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға