Жаңалықтар

Ауыр атлет Илья Ильинге операция жасалды

Ауыр атлет Илья Ильинге операция жасалды
Фото: gov.kz 23.12.2023 22:02 1323

Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиада чемпионы Илья Ильинге тізе буынының жарақатынан кейін академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығында сәтті операция жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаттығу барысында чемпион менисктің жыртылуы түрінде жарақат алды.

Емдеуге жатқызылғаннан кейін бірден зерттеп-қараудан өтіп, келесі күні оған операция жасалды. Артроскопия және спорттық жарақат бөлімінің травматолог-ортопед дәрігері  Нұржан Мұхамеджанұлы Асанов спортшының денсаулығын тез әрі тиімді қалпына келтіруге бағытталған операцияны сәтті өткізді.

Менің көңіл-күйім өте жақсы, емдеу штаттық режимде өтті. Өзімнің емдеуші дәрігерім Нұржан Мұхамеджанұлы Асановқа алғысымды білдіремін, ол өз ісінің нағыз маманы. Көптеген кәсіби спортшылар Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО емделеді және қалпына келтіріледі, қазақстандық травматолог-ортопедтер ең үздік, олар спорттың не екенін біледі, спортшыларды аяғына қалай дұрыс қою керектігін біледі, - деп дәрігерлерге белгілі ауыр атлет Илья Ильин алғысын білдірді.

Қазір Илья өзін жақсы сезінеді және операциядан кейін қалпына келтіруде шешуші рөл атқаратын оңалту курсын алуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға