Жаңалықтар

Ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңгеден беріледі

Ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңгеден беріледі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 19.04.2024 21:26 1063

Бүгін мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, заң медицина қызметкерлерін құқықтық және материалдық тұрғыдан қорғауға және олардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жастар арасында құрамында никотині бар заттардың таралуының алдын алу және оған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған.

Заң арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі енгізілді (Заң ресми жарияланғаннан кейін 6 ай өткен соң қолданысқа енеді).

Сонымен қатар құжат ауылды жерлердегі дәрігерлердің жағдайын жақсартуға бағытталған.

Айталық, тапшы мамандықты меңгерген медицина қызметкерлері ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жағдайда, оған ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде бірреттік ақшалай төлем беріледі, бұл дегеніміз 8,5 млн теңге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға