Жаңалықтар

Ауылдың инфрақұрылымын қалпына келтіреміз - Жигули Дайрабаев

Ауылдың инфрақұрылымын қалпына келтіреміз - Жигули Дайрабаев
Фото: Facebook / Жигули Дайрабаев 16.03.2023 21:20 820

«Ауыл» партиясының өкілі Жигули Дайрабаев ауыл шаруашылығын дамыту барысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Азық-түлік – мемлекет қауіпсіздігінің басты міндеті. Ауыл шаруашылығы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елдің жалпы ішкі өнімінің 30%-ін құрайтын, қазір 5%-ті құрайды. Бұл масқара. Еліміз азық-түлік импортына тәуелді. 2022 жылы сырттан 600 мың тонна сүт, 170 мың тонна ет әкелінген. Ал құс етінің 36%-ін импорттаймыз. Аграрлық әлеуеті бар ел үшін өте ұят. Біз осылайша шетелден азық-түлік алып, қаражаттан қағылып отырмыз. Сол себепті бағасы күн санап қымбаттап, халықтың наразылығын тудыруда. Халықтың талабы дұрыс. Біз қолымыздан келетінді жасай алмай отырмыз. Бізде сезімталдық жоқ. Халқымыз банк жүйесінен де зардап шегуде. Несиенің пайыздық үстемақысы өте жоғары. Бұл ашық тонау. Халық қарызға әбден батқан. Біз денсаулықты нарыққа айналдырып жібердік. Біз не ұсынамыз? Мәжіліске келгенде «Азық-түлік қауіпсіздігі» туралы заңды халықпен ақылдаса отырып жасаймыз. Ауылдың инфрақұрылымын қалпына келтіреміз. Саланы тығырықтан алып шығу үшін 100 % мемлекет бюджетімен агробанк құрамыз. Төртінші, ауыл шаруашылық техникасын жаңалау мақсатында отандық техниканы жасауға басымдық береміз,- деді Жигули Дайрабаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға