Жаңалықтар

Ауылдан қалаға: Қостанай облысында су тасқынынан кейін қарт ерлі-зайыптыға баспана берілді

Ауылдан қалаға: Қостанай облысында су тасқынынан кейін қарт ерлі-зайыптыға баспана берілді
Фото: Қостанай облысы әкімдігі 11.06.2024 09:51 268

Қостанай облысында Жангелдин ауданы Тәуіш ауылында Есполовтар отбасының өзен жағасындағы үйін су басып, тұруға мүлдем жарамсыз болып қалаған. Бұл үйде қос зейнеткер немересімен тұратын. Жергілікті әкімшілік отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету үшін барынша көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Қарттардың ескі ағаш үйі тексеріліп, тұруға жарамсыз деп танылды. Сол себепті ерлі-зайыптылар Арқалық қаласында салынып жатқан ғимараттан пәтер сатып алды.

Немере үшін әйелім екеуміз қолдан келгенді аямаймыз, сондықтан қалаға көшкенімізге өте қуаныштымыз», - деп ақсақал ағынан жарылды, - Немеремізге жоғары білім алу керек, осында бірге тұрып, көмектесеміз, - дейді ауыл тұрғыны.

Айткүл-апа да осындай пікірде. Ол 70 жылда мұндай су тасқыны алғаш рет болып отырғанын айтты.

Жылда көктемнің басында ауылға су келетін, бірақ дәл мұндай көп болған емес. Әрине, табиғи апаттарды адам баласы ешқашан болжай алмайды. Осынау қиын-қыстау кезде мемлекеттік деңгейде көрсетілген көмекке, жаңа баспанамен қамтамасыз еткені үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқым келеді. Қиын сәтте  қол ұшын созған жандардың барлығы бақытты болсын, - дейді олар.

Құрылыс компаниялары Жангелдин ауданы Тәуіш ауылында 22, Көлкамыс ауылында 19 тұрғын үй салуда. Сондай-ақ, «BAZIS-A» компаниясы өз қаражаты есебінен Арқалық қаласында 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын бастады. Нысанды іске қосу ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған. Жеке тұрғын үй үлгілік жоба бойынша «Қазақстан халқына» қорының қаржы ресурстары есебінен салынуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға