Жаңалықтар

«Ауылдан дәрігерге қаралуға келген». Атырауда 3 жасар бала терезеден құлап мерт болды

«Ауылдан дәрігерге қаралуға келген». Атырауда 3 жасар бала терезеден құлап мерт болды
Фото: istockphoto.com 14.06.2024 13:06 1555

Атырауда үш жасар бала терезеден құлап, мерт болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға бүгін – 14 маусым күні тағы сағат 8:00 шамасында болған. 10-қабаттан құлаған бала жедел жәрдем көлігі жеткенше, көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бала анасымен Құрманғазы ауданынан дәрігерге қаралу үшін келгені белгілі болды.

Полиция ата-аналарды өте сақ болуға шақырады, кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға