Жаңалықтар

"Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаев қызметімен қош айтысты

"Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаев қызметімен қош айтысты
Фото: Ауыл партиясының баспасөз қызметі 18.10.2023 19:06 617

"Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаев ерікті түрде қызметін әріптесіне табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің сөзінше, бүгін "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев өз еркімен қызметтен кеткен көрінеді.

Әли Әбдікәрімұлының өз ұсынысымен ашық дауыс беру арқылы төраға қызметіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев тағайындалды. Серік Рахметоллаұлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы, вице-министр қызметін атқарды. 2023 жылдың наурызынан бастап сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Aуыл" партиясы фракциясының мүшесі", - деп жазды депутат фейсбуктегі парақшасында. 

Аталған шешім "Ауыл" партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде мәлім болған. Ал Әли Бектаевтың "Ауыл" партиясының қатарында 8 жылдан астам еңбек еткен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға