Жаңалықтар

«Ауыл» партиясынан депутаттыққа 25 кандидат ұсынылды

«Ауыл» партиясынан депутаттыққа 25 кандидат ұсынылды
Фото: El.kz 07.02.2023 15:11 1714

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ҚР Орталық сайлау комиссиясына алда өтетін  Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттары сайлауына кандидаттардың партиялық тізімін ресми түрде ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиоттық партиясы төрағасының орынбасары Анас Баққожаев тізімге қанша адамды енгізгенін айтты.

«Жалпы тізімге 25 адам енді. Ішінде 6 әйел, инклюзивті қоғамның бір өкілі, 3 жас мүше бар. Заң бойынша квотаға сәйкес 36 пайызды құрады. Кандидаттарымыздың орта жасы 43-те. Ең жас кандидат 25-те», - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға