Жаңалықтар

Ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жою керек – депутат

Ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жою керек – депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz 05.06.2023 11:00 772

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов ауыл мен қала мектептеріндегі алшақтықты тез арада шешу керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісменнің сөзіне қарағанда, ауылдық жерлердегі көптеген мектеп кәріз жүйелеріне, жоғары жылдамдықты интернетке (50%) қол жеткізе алмай отыр. Сонымен қатар ол спорт залдары (25%), асханалар (15%), кітапханалар (13%) және тағы басқалар керекті жабдықтармен қамтылмай отырғанын айтты.

Экономикалық зерттеулер институты жүргізген мониторингтің алдын ала деректері бойынша, 2021 жылғы жалпы республика бойынша 1 642 мектеп (23,5%) күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді. 89 мектеп (1,3%) апаттық жағдайда және 3 084 мектеп (44,2%) материалдық-техникалық базамен жабдықтауды қажет етеді, - деді депутат.

Сондай-ақ елімізде 260 мың оқушыға орын тапшылығы туындап отырғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжілісте Үкімет сағаты өтуде. Онда ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Қазақстан Республикасының елді мекендері үшін өңірлік стандарттар жүйесі туралы» тақырыбында баяндама оқыды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға