Жаңалықтар

Ауыл мектептерінің директорларына арналған тренинг өтуде

Ауыл мектептерінің директорларына арналған тренинг өтуде
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 14.03.2024 04:25 364

Назарбаев университетінде жоғары білім беру мектебі мен Финляндияның HAMK және JAMK университеттерінің сарапшылары мен  қызметкерлері мен ауыл мектептерінің директорларына арналған «Білім берудегі көшбасшылық» үшінші біліктілікті арттыру бағдарламасын өткізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, елдегі жоғары оқу орындарының 200 өкілі және ауыл мектептерінің 50 директоры білім берудегі соңғы тенденциялар туралы білім алып, инновациялық идеялар мен тәсілдерді қалыптастыруды, жаңа технологияларды қолдануды, болашаққа деген көзқарасты дамытуды және нәтижеге бағдарлану мәселелерін шешуді үйренеді.

Іс-шараны ашу барысында министрлікке қарасты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова Назарбаев университетінің білім беру жүйесіне көшбасшыларды даярлаудағы үлесін ерекше атап кетті.

Осы сәтте кафедра меңгерушілері, факультет декандары, оқу бөлімдерінің меңгерушілері және мектеп директорлары болашақта жаңа көшбасшылар болады деп сенемін, - деді ол.

Назарбаев университетіндегі интенсивті курста халықаралық және қазақстандық сарапшылар Пиа Колхо, Эсси Рюмин, Йоханна Эрлинг, Ари Покка және Қайрат Құрақбаев келесі тақырыптарды қозғады, Атап айтқанда, көшбасшылыққа идеялар мен тәсілдерді генерациялау/қалыптастыру; білім берудегі көшбасшылықта жаңа технологияларды қолдану; болашақ туралы түсініктерді қалыптастыру; нәтижеге баса назар аудара отырып, мәселелерді шешу; әріптестер тарапынан қолдауды қамтамасыз ету.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға