Жаңалықтар

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске қосылды

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске қосылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 14.02.2024 15:14 456

Қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жою бағытында былтырғы жылдан бастап Республикалық «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске аса бастады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Сапалы білім – сапалы адами капитал» атты бірлескен кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрінің айтуынша, «Қазақстан халқына» қорының қолдауы және Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми сүйемелдеуімен Ақтөбе облысында пилоттық режимде бастау алды. Жоба негізінде ауыл мектептерінің инфоқұрылымы жаңғыртылып, педагог кадрлар сапасы артуда.

Нәтижесі биылдан бастап барлық аймақтарға таратылатын болады. Жоба аясында Республикалық «Дарын» орталығы алғаш рет ауыл мектептері оқушылары арасындағы республикалық пән олимпиадасын ұйымдастырды, – деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ олимпиада негізінде жүлделі орын иеленген ауыл мектебі оқушыларының саны 8 есеге жуық артқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға