Жаңалықтар

Ауыл мәселесі шешілмей, қаланың жағдайы түзелмейді – Ералы Тоғжанов

Ақтөбе облысының әкімі пікір білдірді
Ауыл мәселесі шешілмей, қаланың жағдайы түзелмейді – Ералы Тоғжанов
Фото: baq.kz 26.11.2022 14:18 1868

Президенттің ауылды дамытуға қатысты Жарлығына Ақтөбе облысының әкімі жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде: «Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын», - деді.

Бұл қаулығы қатысты Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы басталғанын мәлімдеді.

«Ауылды көркейтуге қатысты жобаны бастап кеттік. Біріншіден бұл тікелей ауылды көтеруге бағытталады. Жобаны жүргізудің арқасында 5 жылдың ішінде ауылда жұмыссыздық деңгейі 41пайызға азайатын болады. Ауыл тұрғындарындарының табысы екі есеге көтеріледі. Қысқа уақыт ішінде Президент айтқан тапсырма жүзеге асыралатын болды. Өткенде Президент келесі жылдан бастап 1 триллион ақшаны ауыл шаруашылығы кооперативіне бөлу қажеттігі туралы тапсырма берген болатын. Бұл Қазақстандағы ауылдың жағдайын көтеруге үлкен мүмкіндік және бұл қаржы ірі ауылшаруашылық кәсіп орынына берілмейді, керісінше әәрбір ауылға беріледі. Ашығын айтқанда, ауылда тұратын әрбір азаматты қамтиды», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, ол ауылдан кейінгі Президент айтқан тағы бір өзекті мәселе білімге қатысты пікірін білдірді.

«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы білім беру саласына да тоқталды. Білім сапасы жоғары болу керек. Бүгінде Ақтөбе облысы бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Бір мұғалім бес сабақты беруді тоқтатты. Онлайын жүйеде кішкентай ғана мектептердің оқушылары облыстағы жоғары деңгейлі мамандардан тәлім алатын болады. Үшіншіден ауылды интернетпен қамту асы маңызды. Бұл ретте егер ауылда интернет болмаса жастар тұрақтамайды. Осының бәрін «Ауыл аманаты» жобасының айналасында қарастыратын боламыз», - деді.

Бұл бағдарламаның бюджетін сұрағанымызда, жалпы облысқа 52 миллиардттан аса қаржы керектігі айтылды.

«Өйткені, бір триллион ақшаны әр облысқа бөлгенде шамамен осылай болады. Бүкіл Қазақстанға бұл ақшаның деңгейі ауылдың сұрағын шешетініне күмәнім жоқ. Бес жылда мұның бәрін жасап үлгереміз. Ауыл мәселесін шешпей, қала мәселесі шешілмейді. Бұл ең үлкен маңызды жоба», - деді Ақтөбе облысының әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға